"Travel Club Kazakhstan" компаниясы 2003 жылдың қараша айында құрылды. Компания құрылғалы корпоративтік секторға қызмет ету мен ерекшеленген жеке туризм нарығының төрінен өз орнын нық бекітіп алды. Қазіргі таңда компания Қазақстандағы ең үздік авиа агенттіктердің бірі болып табылады. Көп жылдық тәжірибе мен кәсіпқойлық бізге сіздің талабыңызға сай болумен қатар, шығыныңызды тиімді етуге мүмкіндік береді.

Біз әрқашан дамудамыз, өйткені компания өз клиенттеріне жаңа шешімдер іздеу барысында негізгі әлемдік туризм көрмелеріне жиі қатысып тұрады. Біздің компания қатысатын негізгі көрмелер - International Luxury Travel Market және де әлемнің түкпір-түкпіріндегі біздің серіктестеріміздің көптеген жаңа отельдері мен қызметі.


"Travel Club Kazakhstan" - өз клиенттерімізді бақытты қылу үшін, ең үздік әлемдік стандарттарға сай сапалы қызмет көрсету арқылы таңдаулы туризмнің отандық нарықта дамуына өз үлесін қосуды мақсат еткен ынталастар мен кәсіпқойлардың ұйымшыл командасы.

Компанияда елуге жуық адам қызмет етеді, оның ішінде он екісі - IATA ұйымымен сертификатталған авиа-агенттер. Қалған штат командасы - ішкі офис:

  • Қаржы бөлімі
  • Виза бөлімі
  • Туризм және консьерж қызметі бөлімі

Біздің қызметкерлер - сарапшы, кәсіпқой болумен қатар, мейірімді адамдардың командасы!


Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз.

Сіздің уақытыңыз - сіз үшін де, біз үшін де бірегей құндылық. Жанұяңызбен немесе саяхаттағы уақытыңыз және қуанышты сәттеріңіз - бұл сіздің өміріңіз. Біз нысандылықты қысқа ғана сәт етіп, ал бүкіл рақатты сізге қалдырамыз.

Біз бәрін білеміз.

Сіз қайда болсаңыз да, біз ең жақын аэропорт пен оның сапар кестесін білеміз. Біз сізді қалаған жеріңізге алып барып, қайтып үйіңізге алып келеміз! Сіздің сұранысыңызбен, біз ішкі және халықаралық рейстердегі авиа ұшудағы жайлы жағдайды дайындаймыз. Біз Сеул мен Франкфурттың аэропортында өмір сүріп көрдік, сондықтан біз 2 сағаттан асатын түйісулерді ұсынбаймыз. Көп жылдық тәжірибе мен кең серіктестік байланыстарымыздың арқасында саяхат барысында сіздің жайлылық зонаңыздан бір сәтке де шығуға жол бермейміз. Қазақстандағы ықтияр хат пен Израиль азаматтығы паспортымен Никарагуа мен Коста-Рика шекарасынан өту сұңғылалығын сізге білудің қажеті жоқ. Біз бәрін де білеміз.

Достық демеу

Сіздің жеке консультантыңыз сізбен әрқашан байланыста. Әлемнің кез келген жерінде, тәулік бойы. Сіздің сұрағыңыз - біздің жауап.

RU
KZ
EN
RU
KZ
EN