Алтын-Емел - Ішкі Туризм

Алтын-Емел

Алтын Емел - Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км және Сарыөзек қаласынан 90 км жерде Алматы облысындағы Іле өзенінің алқабында орналасқан мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Алтын Емел 1996 жылы 10 сәуірде құрылған, жалпы ауданы - 523 053 га, Қазақстан аумағындағы ең ірі парк болып табылады.

Парк флорасында 1800-ден астам өсімдік түрі бар, оның ішінде 21-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұлттық парктің жануарлар дүниесіне 393 омыртқалылар мен 1658 омыртқасыздардың түрлері кіреді, ал жануарлардың 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, оның ішінде бунақденелілердің 25 түрі, 3 балық, 2 қосмекенді, 1 бауырымен жорғалаушы, 12 құс, 10 сүтқоректілер түрі, оның ішінде арқар, құлан, қарақұйрық.

"Алтын Емел" МҰТП орталық мекені Кербұлақ ауданы, Басшы ауылдық округінің Басшы ауылында орналасқан. Парктің атақты көз тартарлық жерлері: "Сайрауық шағыл" құм төбелері, Ақтау - каньондармен ойылған саз таулар, Қатаутау - жанартау жыныстарынан құралған таулар. Бөктерінде өте сирек ақ сексеуіл өсетін атақты Сайрауық шағыл - ұзындығы 3 км, биіктігі 150 м болатын ақшыл түсті құмды таулар. Сайрауық шағыл - Іле өзенінің оң жақ бойындағы табиғаттың бірден-бір құбылысы, құрғақ ауа райында құмдар орган әуеніне ұқсас дауыстар шығаруымен мәлім. Құрғақ құмның қозғалысынан туған үйкеліс құрғақ ауамен қозып, діріл туғызады, ал резонансқа қолайлы жағдайлар үлкен күштегі дыбыс толқындарын туғызады, олар жер қыртысымен шағылып, шағыл діріліне алып келеді. Бұл дыбыс бірнеше километрден естіледі. Ылғалды ауа райында шағыл "ән салмайды". Қозғалыстағы құм салмағы көп болған сайын, дыбыс та мәнерлі: әлсіз шырылдан орган әуеніне ұқсас дыбысқа дейін. Бұл үйкеліс жел, құмдағы жүріс және т.б. нәрселер туғызуы мүмкін.

Шағылдан айналадағы мекенге әдемі көрініс ашылады. Оңтүстігінде Іле өзені, Согет пен Богут күлгін таулары, ақ шыңды Кетмен жоталары көрінеді. Батысында - Үлкен, шығысында - Кіші Қалқан жарлары көкжиекті жабады. Солтүстік бөлігінде Жоңғар Алатау тау сілемі, Шолақ, Матай, Алтын Емел таулары бет алады. Олардың бөктерін жіңішке жаңбыр арналарымен ойылған тау асты алқаптары алып жатыр. Шағылдың оңтүстік-батыс бөлігі жұмыр, ал солтүстік-шығысы еңістеу жоталы. Таңғаларлығы, құмның тұрақсыздығы мен күшті желге қарамастан, шағыл жазықтан көшпей, бірнеше мыңжылдық бойы өзінің орнын сақтап келеді.

Сондай-ақ мұнда бүкіл әлемге танымал палеонтологиялық орталық пен Жердің геологиялық "мұражайы" - Ақтау тауларымен тамсанып қайтуға болады. Мұнда жасы 25-30 миллион жылға бағаланатын көне жануарлардың қалдықтары сақталған.

Қатаутау таулары - жанартау жыныстарынан құралған қызыл құмды таулар. Таудың назды пішіні шөл мен жарлы тауларда орналасқан үлкен кораллға ұқсас келеді.


БАҒДАРЛАМА

Бірінші күн 

  • Алматыдан шығу уақыты 08:00. 
  • Қонақ үйде түскі ас, Сайрауық шағылға бет алу.
  • Шоқан Уәлиханов бұлағын көріп қайту.
  • Дөң басына серуен.
  • Ошақтас бітіктасын көріп қайту.
  • Қонақ үйге қайтып келу, кешкі ас, түнеу.

Екінші күн 

  • Қонақ үйде таңғы ас. 
  • 700-жылдық талға барып қайту.
  • Ақтау шатқалында экскурсия.
  • Қатутау бөктерлерінде тоқтау, фотосессия.
  • Қонақ үйдегі кешкі түскі ас, Басшы.
  • Алматыға шығу уақыты 21:00.

БАҒАСЫ

Ыңғайлы микроавтобустармен бару (Мерседес Спринтер) - 27 000 тг бастап бір адам басына.

Жабайы демалыс түрінде джиптармен бару (Ақтау тауларының бөктерінде шатыр құрып түнеу, гидтің күшімен дайындалған ыстық тамақ) - 41 000 тг. бастап

Егер Ұлттық парктің қонақ үйінде тұрып тамақтансаңыз, джиппен барып келу бағасы адам басына - 46 000 тг. бастап болады.

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид, экожиын, тамақтану, қонақ үйде тұру кіреді. Таза ауада шатыр құрып түнеу мүмкіндігі де бар.

Қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид - 15 000 тг. туристтік топтар үшін.

Біз саяхат барысында туристке көлікті өзі жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

Маршруттың күрделілігі: стандартты, денесі орташа шыныққан адамдарға жарайды.
Қауіпсіздік шаралары: 1-2 литр ас суы, міндетті түрде бас киім, күнге қарсы көзілдірік, дәрі-дәрмек.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз:
tel: +7 (727) 258 51 17,
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz