ҮАК мен ҮАШ

Үлкен Алматы көлі - Алматы қаласының оңтүстігінен 28 км жерде, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 2511 м биіктікте орналасқан. Көл атақты тау шыңдарының шұңғымасында орналасқан. ҮАК Іле Алатау ұлттық парк құрамына кіреді, және тереңдігі 40 м, ұзындығы 1.6 км, ені шамамен 1 км болатын ауданды алады. Жазда су температурасы Цельсий бойынша 10-12 градус болады. Тянь-Шань тауларындағы көптеген көлдер секілді ҮАК жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.

Көл баурайында негізгі үш шың бар:
- Кеңестер шыңы (4317 м), оңтүстік-шығысында,
- Озёрный шыңы (4110 м), оңтүстігінде, өзенді алқаптың үстінде,
- Турист шыңы (3954 м), көлдің оңтүстік-батысында.
Турист шыңының солтүстік-батыс бөлігінде қала орталығынан әдемі көрініс алатын, биіктігі 3681 м болатын Үлкен Алматы шыңы орналасқан.

Жыл мезгілдеріне қарай өзен өзінің түсін өзгертеді - ақшыл жасылдан көгілдір түстіге дейін. Үлкен Алматы көліне саяхат жылдың кез келген мезгілінде қызық. Қыста көлдің беті мұз бен қарға оранса да, өзінің кеңшілігімен және сыршылдығымен таңғалдырады. Көлге барар жол да өте әдемі және көз тартарлық. Жол түзу шыршалар мен аралас ормандар арқылы өтеді, жазда жасыл балғындығымен, күзде түрлі түстермен баурайды. ҮАК сәл жоғары Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы мен арнайы Күн обсерваториясы орналасқан.

Үлкен Алматы шыңы Үлкен Алматы тау сілемі мен Үлкен Алматы аңғар солтүстігіндегі соңғы шың болып табылады. Ол қаладан жақсы көрінеді және үлкен пирамидаға ұқсас. Жергілікті өлкетанушылардың мәліметтері бойынша, бұл шыңға 1909 жылы мұғалімімен гимназия шәкірттері тобы көтерілген. Бұл туралы қала мұрағаттарында жазылған. ХХ ғасырдың елуінші жылдарына дейін қала сұлбалары мен тау мәнзарасында Пирамида деп аталған. Үлкен Алматы тау сілемінің солтүстік шетінде орналасқан, "Космостанция" деген атпен мәлім П.Н.Лебедев атындағы МҒА Физикалық институтының ғылыми станциясы орналасқан Жусалықөзен құламасының солтүстігінде.

Жоғарғы бөлігінде биіктіктері шамамен теңдес 3 шың көрінеді. Солтүстігінде Іле алқабы мен Алматы қаласына көрініс ашылады. Шығысында Кіші Алматы аңғары мен Сәтпаев шыңы, аңғар тереңінде Үлкен Алматы көлі көрінеді. Оңтүстігінде Городецкий мұздығы шыңы, Турист, Тұран, Момышұлы шыңдары орналасқан. Батысында Қарғалы тау сілемі шыңдарына көрініс ашылады.
 

БАҒДАРЛАМА

  • Алматыдан шығу уақыты 09:00. 
  • Фотосессияға тоқталыс (Алмарасан аңғары, тау серпантині). 
  • Көлден жоғары серпантинмен обсерваторияға дейін котерілу. Көл аясында фотосессия, қысқа серуен, екінші таңгы ас.
  • Обсерваториядан жоғары космостанцияға дейін джиптармен көтерілу.
  • Үлкен Алматы шыңына жаяу трекингкөтерілім (барып келу 5 сағат, жартысағаттық демалыс, шың басында фотосессия).
  • Джиптарға қайтып түсу, Алматыға оралу уақыты 18:00. 

БАҒАСЫ

1. Үлкен Алматы Көліне бару - ыңғайлы микроавтобуспен бару (Мерседес Спринтер) - бір турист үшін 7 000 тг, ланч-бокс түскі асты есептегенде.

Джиппен бару - 5 000 тг. бір турист үшін (тамақтануды есептемегенде), 8 000 тг. ланч-бокс түскі асты есептегенде - барып қайту бағасы.

2. Үлкен Алматы Көліне бару мен Үлкен Алматы Шыңына көтерілу - ыңғайлы микроавтобуспен бару (Мерседес Спринтер) - бір турист үшін 9 000 тг, ланч-бокс түскі асты есептегенде.

Джиппен бару - 8 000 тг. бір турист үшін (тамақтануды есептемегенде), 11 000 тг. ланч-бокс түскі асты есептегенде - барып қайту бағасы.

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид, экожиын, тамақтану (опцияға байланысты) кіреді, қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид - 10 000 тг.

Біз саяхат барысында туристке көлікпен жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз: 
tel: +7 (727) 258 51 17 
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz