Шарын каньоны - Ішкі Туризм

Шарын каньоны

Шарын өзенінің оң жақ тармағы Темірлік өзенінің аңғары атақты Қамалдар алқабынан кем түспейтін керемет каньонға көз ашады. Каньонның тереңінде Темірлік өзенінің бойында терек, тораңғы, Қазақстан мен Канадада ғана кездесетін соғды шағандары өседі. Каньонның жануарлар дүниесіне сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың 48 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі кіреді. Каньондағы 20-ға жуық геологиялық жыныстың түрі үйлесіп, бірегей түсті сыйлайды. 

БАҒДАРЛАМА

  • Алматыдан аттану уақыты 07:00. 
  • Шарын каньонының Бекіністер аңғарына түсу. Шарын өзені жағалауындағы ЕcoPark ауылына дейін     5 км жаяу сапар. 
  • Айлы каньонға шығатын панорманы тамашалау. 
  • "Тасты сөре" атты қарау алаңшасында аялдама, фотосессия. Қосымша таңғы ас. 
  • Бекіністер аңғарының аясындағы фотосессия. 
  • Алматыға келу уақыты 20:00.

БАҒАСЫ
 
Ыңғайлы микроавтобуспен бару (Мерседес Спринтер) - бір турист үшін 10 000 тг, ланч-бокс түскі асты есептегенде.

Бір турист үшін джиппен бару - 15 000 тг (түскі ас есептемелгенде), түскі аспен - 18 000 тг.

Маңызды ескерту - джиппен бару жол уақыты бойынша қысқарақ, және де джиппен орынға дейін кіру максималды түрде болуы мүмкін.

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид, экожиын, тамақтану (опцияға байланысты) кіреді, қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид - 10 000 тг.

Біз саяхат барысында туристке көлікпен жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз: 
tel: +7 (727) 258 51 17 
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz