Көлсай мен Қайыңды

Көлсай көлдері Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 км, Қырғызстан шекарасының солтүстігінен 10 км жерде орналасқан. Көлсай көлдері 2007 жылдың 7 ақпанында құрылған "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аймағында орналасқан, сондықтан бөктерінде аю, жабайы қабан, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян, борсық секілді жануарлар дүниесінің өкілдері өмір сүреді. 

Көлсай көлдері - Күңгей Алатауы мен Іле Алатауының жоталарын біріктіретін солтүстік Тянь-Шань мен Көлсай аңғарындағы 3 көлдің жүйесі. Бірінші көл 1818 м биіктікте орналасқан, ұзындығы - 1 км, ені - 400 м, тереңдігі - 80 м. Екінші көл 2252 м биіктікте орналасқан, бірінші көлден 5 км жерде орналасқан. Үшінші көл 2850 м биіктікте орналасқан, екінші көлден 4 км жерде орналасқан.

Көлдердің таза мөлдір суы тұщы әрі қатты, құрамында натрий сульфаты бар. Түбінің кейбір жерлері тегіс. Көлсай көлдері өте терең, кейбір жерлерінде тереңдігі 80 м жетеді. Жазда судың температурасы +10 градусты құрайды. Көлдер ағысты, бір-бірімен Күңгей Алатауы жотасынан бастау алатын Көлсай өзенімен байланысқан.

Қайыңды көлі өзінің пайда болу тарихымен танымал. Ол 1911 жылы қатты жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған, соның барысында аңғар жылжымасы пайда болып, ағашты аңғарды су басты. Көлдің суы салқын (жазда +6 градус шамасында), сондықтан ағаш қылқандары жақсы сақталған, олар судың мөлдірлігінен жақсы көрінеді. Көлдің мұндай сиқырлы кереметтерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сонда болып, бәрін өз көзімен көрген дұрыс.

Қайыңды көлі Саты ауылының шығысынан 11 км жерде Күңгей Алатауы аңғарларының бірінде теңіз деңгейінен 1667 м биіктікте қылқанды орманның ішінде орналасқан. Көлдің ұзындығы - 400 м, тереңдігі шамамен 30 м. Көл астында алабалық мекендейді. Саты ауылынан бастау алатын көлге барар жолдың бойында Қайыңды көлінен 5 км жерде орналасқан керемет қайың тоғайын кездестіруге болады.

БАҒДАРЛАМА

Бірінші күн 

  • Алматыдан шығу уақыты 08:00. 
  • Саты ауылына дейінгі жол, қонақ үйдегі түскі ас. 
  • Қайыңды көліне көтерілу, экскурсия, фотосессия. 
  • Саты ауылына қайтып оралу, кешкі ас, қоныс қонақ үйде. 

Екінші күн 

  • Таңғы ас, Көлсайдың бірінші көліне көтерілу. 
  • Фотосессия, көл жағалауындғы экскурсия. 
  • Саты ауылына төмен түсу, түскі ас, кері сапарға шығу. 
  • Алматыға қайту уақыты 19:00.

БАҒАСЫ
 
Джиппен  бару - 39 000 тг. бір адам басына. 

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид қызметі, экожиын, тамақтану, Саты ауылының қонақ үйінде тұру кіреді. Қонақ үй тұрғындарына моншаға бару мүмкіндігі беріледі. 

Қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид қызметі - 15 000 тг. бір топ туристтер үшін.

Біз саяхат барысында туристке көлікпен жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

Өзімен алу керек заттар:
- тамақ, сусын (адам басына 2 литрден кем емес су).
- жеке дәріқұты, бас киім және көзілдірік.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз:
tel: +7 (727) 258 51 17
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz