Асы Үстірті - Ішкі Туризм

Асы Үстірті

Іле-Алатау ұлттық паркінде табиғаттың керемет бөлігі орналасқан, бұл - Тургень аңғары. Аңғар 44 км қашықтыққа үлкен Асы үстіртімен жалғасады.

Ежелгіде мұнда Еуропадан шығысқа - Қытай мен Үндістанға тартқан керуендер өткен. Тургень аңғары өзінің сарқырамасымен, салқында өсетін Чин-Тургеньдік шырша ормандарымен, қылқанды және аралас ормандарымен, альпілік және субальпілік көгалдарымен, көлдерімен және бұлақтарымен, емдік өсімдіктерімен және жемістерімен даңққа бөленді. 

Үстірт 2800-3200 метр биіктік арасында орналасқан. Мұнда 5000 мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі және отырықшы мәдениет адамдарының ізі табылған. Үстірттің жоғарғы бөлігінде әлемдегі ең үлкен телескоптардың бірі бар астрономиялық обсерватория құрылған. 

БАҒДАРЛАМА

  • Алматыдан аттану уақыты 08:00. 
  • Көкпек асуына дейінгі жол, Бартоғай су қоймасының қасында тоқталыс. 
  • Таулы асуға көтерілу, Қызыл жар төңірегінде аялдама - Шарын каньонының басталатын жері, фотосессия. 
  • Ассы өзенінің алабы бойымен автотур, бірнеше аяқ өткелдерден өту. 
  • Жіңішке асуының маңайында тоқталыс және түскі ас.
  • Ассы-Түргендік астрономиялық обсерваторияны көріп қайту. 
  • Ассы үстіртінен Түрген алабына түсу.
  • Алматыға қайтып келу уақыты 20:00.

БАҒАСЫ

Бір турист үшін джиппен бару - 12 000 тг (түскі ас есептемелгенде), түскі аспен - 15 000 тг.

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид, экожиын, тамақтану (опцияға байланысты) кіреді, қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид - 10 000 тг.

Біз саяхат барысында туристке көлікпен жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз:
tel: +7 (727) 258 51 17
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz