Тамғалы Тас пен көшпенділер қаласы

Тамғалы тас халық арасында "жазылған жартастар" деген атпен белгілі. Іле өзенінің оң жақ бойында кейінгі ортағасырлық 1000-ға жуық жартас суреттері бар, олар - петроглифтер, тәңірінің суреттері, буддистік жазулар, ал олардың ішіндегі ең атақтысы - үш будда құдайының суреттері.

Суреттің астында ХІІ ғасырға жататын санскритте келесі жазулар келтірілген: "Ом манэ падмэхум" ("лотос гүліндегі қарлы інжу" немесе "лотостан жаралғанға нұр жаусын"). Жартастағы жазулар тибет пен қалмық тілінде жасалған. Аңыз бойынша, Х ғасырда Жетісуда буддизмнің таралуы негізге алынған, олар Іле өзеніне дейін жеткенде жер сілкінісі болған, соның нәтижесінде жерге жардың үлкен бөлігі құлаған. Болған жағдайды буддисттер Үндістанға үйлеріне қайту қажеттілігі белгісі ретінде түсінді. Құлаған жардың бөлігіне олар Будданың үш құдайының суреттерін салған. Қасындағы жарларға да олардың басқа суреттерін бейнелеген. Басқа аңыз бойынша, суреттер 1648 жылы ойрат ағартушысы Зая Пандита Отгоргуйнмен ойлап табылған және үш ғасыр бойы көшпелі моңғолдармен қолданылған "тодорхой номын бичиг" ("анық әдеби хат") арқылы қалмықтармен жазылған делінген. Кейінгі аңыздар бойынша, бұл жер ерекше болып саналады. Мұнда жергілікті тұрғындар ем іздеп келеді, олардың айтуы бойынша, Будда суреттеріне жанасқанға, ем табылуы ықтимал. 
 
Көшпенділер қаласы
Іле өзені бойындағы ортағасырлық қала безендірулері Қазақстан кинематографиясының өзегі болған "Көшпенділер" фильмі үшін жасалған. Фильм түсірілімі біткен соң, безендірулер қалып, қазіргі таңда жақсы күйінде сақталынуда. "Көшпенділерден" бөлек бұл жұмыстар атақты "Дневной дозор" фильмінде де көрсетілген.
 

БАҒДАРЛАМА

  • Алматыдан аттану уақыты 07:00. 
  • Тамғалы Тас шатқалына келіп жету. Шатқал бойымен жардағы суреттерге серуен, фотосессия. Жақсы көрініс үшін биік жерлерге көтерілу. 
  • Іле өзені бойында демалыс және жүрек жалғап алу. 
  • Көшпенділер қаласына аттану. 
  • Көшпенділер қаласымен танысу, қала ішінде серуен.
  • Көлік жанында жиналыс, Аматыға қайтып шығу. 
  • Алматыға келу уақыты 17:00.

БАҒАСЫ

Ыңғайлы микроавтобуспен бару (Мерседес Спринтер) - 9000 тг. Джиппен бару - 9000 тг.

Ескерту: джиппен бару жол уақыты бойынша қысқа.

Бағасына көлікпен қатынау, орыс/қазақ тіліндегі гид қызметі, экожиын кіреді.

Қосымша опция: ағылшын тіліндегі гид - 10000 тг.

Сондай-ақ компания бағасы бір турист үшін 3000 тг болатын ланч-бокс түскі асын ұсына алады.

Біз саяхат барысында туристке көлікпен жүргізу опциясын ұсына аламыз. Ұсыныс жағдайлары туристтің жүргізуші куәлігі болған жағдайда және арнайы икемдеріне байланысты талқыланады.

TravelClub компаниясының телефондарына қоңырау шалып, турға тапсырыс бере аласыз:
tel: +7 (727) 258 51 17
fax: +7 (727) 258 10 36, немесе пошта арқылы тапсырыс беруге болады - tour@travelclub.kz